Алматыда 3 жұмысшы 48 жастағы тұрғынды таспен ұрып өлтірді

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 48 жастағы ер адам түнде досын шығарып салған. Сол кезде жақын жерде жұмыс істеп жүрген 3 ер адам оны соққыға жығып, таспен ұрып өлтірген. Үшеуі де мас болған.

Алматы қалалық полиция департаменті бір күдікті ұсталғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары осы қылмысты жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамдар арасында жанжал шығып, төбелес басталып кеткен. Оқиғаның мән-жайы тергеу кезінде анықталады,

деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыс үшін 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал төбелеске қатысқан тағы екі адам Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша жауапқа тартылып отыр. Бұл бапта 5 мың АЕК-ке (15 900 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

3 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

20 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

1 день ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

1 день ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

1 день ago