Сауль Альварес Мессиге сес көрсетті, ал ЕО санкцияларды айналып өткендерді қатаң жазаламақшы. 29 қараша

Әлемдік БАҚ не туралы жазып жатыр?

Ирандағы наразылық салдары

Иран билігі наразылық акцияларында 300 ден астам адам қаза тапты деп мәлімдеді. Ислам революциясы Сақшылар корпусы (ИРСК) командирлерінің бірі Амир Али Гаджизаданың айтуынша, наразылықтар кезінде 300-ден астам адам, оның ішінде қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері қаза тапқан. Сондай-ақ, наразылық акциясына қатыспаған, қатардағы ирандықтар да зардап шеккен.

Сонымен қатар, «Ирандағы құқық қорғаушылар» ұйымының (HRAI) ақпараты бойынша тәртіпсіздіктерде 451 наразылық білдіруші мен 60 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты деп хабарлайды. 18 мыңнан астам адам ұсталды.

Өлетін бала молаға қарай жүгіреді…

Мексикалық кәсіпқой боксшы, әлемнің абсолютті чемпионы Мексиканы жеңгеннен кейін Аргентина құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінде туындаған жағдайға реакция білдірді.

Кәсіби мексикалық боксшы, қазіргі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен және Мексика құрамасының футболкасымен болған жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде жазба арнады.

«Месси Құдайдан біздің кездеспеуімізді тілесін!»,

деп жазды Альварес өзінің Твиттер парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Аргентина мен Мексика құрамаларының (2:0) матчынан кейін Месси қарсылас команданың ойыншыларының бірімен футболкалар алмасты. Осыдан кейін желіде Аргентина құрамасының киім ауыстыратын бөлмесінен видео пайда болды, онда Месси Мексиканың футболкасын еденге лақтырып жібергенін, содан кейін оны аяғымен теуіп жібергенін көруге болады. Бұл жағдай Альваресті ашуландырды, ол Месси «Мексика құрамасының футболкасымен және елдің туымен еденді сүртті» деп мәлімдеді.

ЕО Кеңесі ескертіп жатыр

Енді ЕО қылмыстық құқық бұзушылықтардың анықтамасын және шектеу шараларын бұзғаны үшін жазалау шараларын дайындауы керек. Содан кейін бұл жоба ЕО Кеңесі мен Еуропалық Парламенттің талқылауына шығарылады.

«ЕО… Ресей экономикасына қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялар қабылдады және оны агрессияны (Украинаға қарсы) жалғастыру мүмкіндігінен айырды. Оларды табысты жүзеге асыру үшін оларға бірлескен күш-жігер қажет және бүгінгі шешім осы шараларды айналып өту әрекеттерінің тоқтатылуын қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады»,

деді Чехияның Әділет министрі Павел Блажек.

Еурокомиссия сонымен қатар Ресейдің қатырылған активтерін тәркілеуді заңдастырғысы келеді және қазірдің өзінде санкциялық заңнамаға түзетулер енгізу үстінде. Яғни санкцияларды бұзу әрекеті мүлікті алып қоюға мүмкіндік беретін қылмыстар тізіміне енгізілуі мүмкін. Қазір ол тізімде сыбайлас жемқорлық пен ақшаны жылыстату бар.

Әзірше санкцияларды айналып өту туралы ереже ЕО-ға мүше елдердің аз ғана бөлігінде – мысалы, Германияда бар.

Қазан айының ортасында Bloomberg ЕО санкцияларға шектеулерді айналып өтуге көмектескен жеке және заңды тұлғаларға қайталама санкциялар енгізуге ниетті екенін, сондай-ақ Украинаға көмектесу үшін Ресейдің қатырылған активтерін тәркілеуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Армения мен Әзірбайжан әлі атысып жатыр

Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан Қарулы Күштерінің позицияларын атқаны туралы хабарлайды.

«27 қарашада, сағат 21:00-ден 23:30-ға дейін Әзірбайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері армян-әзірбайжан шекарасының шығыс бөлігінде орналасқан армян позициялары бағытында әртүрлі калибрлі атыс қаруынан оқ жаудырды», — деп хабарлады Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство армян тарапынан шығындар жоқ екенін, 28 қарашада сағат 08:00-дегі жағдай бойынша майдандағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақты екенін атап өтті.

Үндістандықтар миллиардерге қарсы

Үндістанда миллиардер Гаутам Аданидің жаңа жобасына қарсы жаппай наразылықтар басталды. Керала штатында Үндістанның оңтүстігінде наразылық білдірушілермен қақтығыс кезінде кем дегенде 36 полиция қызметкері жарақат алды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, полиция Adani Group компаниясының Виджинджама аймағында порт салуға наразылық білдірген азаматтарды ұстай бастағаннан кейін қақтығыс басталды. Құны шамамен 900 миллион АҚШ долларын құрайтын порт жобасын Үндістан үкіметі 2015 жылы мақұлдады. Алайда миллиардер Гаутам Аданидің компаниясы осы уақытқа дейін құрылысты жалғастыра алмады.

Компания алдымен жерді сатып алу мәселелерін шешті, содан кейін COVID-19 пандемиясына байланысты құрылысты кейінге қалдыруға тура келді. Компания биылғы жылы жобаны іске асыруға үміттенді, бірақ тамыз айынан бастап жергілікті тұрғындар, негізінен балық аулау қауымдастығының өкілдері құрылыс алаңына кіруге тосқауыл қойып жүр. Олар Виджинджамда үлкен порт салу жағалаудағы тау жыныстарының эрозиясын күшейтеді және балықшылардың тіршілігін жояды деп санайды.

Сот порттың құрылысы заңды деп шешті, содан кейін техника өткен демалыс күндері нысанға тағы бір рет кіруге тырысты. Наразылық білдірушілер қайтадан кіруге тосқауыл қойды, содан кейін полиция бөлімшелері сол жерге келіп, жаппай ұстай бастады. Тұтқындауға наразы болған жүздеген демонстранттар пікірлес адамдарды босатуды талап етіп, полиция бөліміне барды. Полицияның хабарлауынша, демонстранттар қарумен келіп, учаскеге басып кіріп, полицейлерді кепілге алып, егер ұсталғандар босатылмаса, учаскені өртеп жібереміз деп қорқытқан.

Adani Group-та болған оқиға туралы әлі түсініктеме берілген жоқ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago