Алматыда қатты аяз. Мұндай ауа райы 54 жыл бұрын болған. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген.
«Минимум температура «Шымбұлақта» тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус.
Сонымен қатар, «Мыңжылқы» метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды,
деді инженер-синоптик Дәулет Қисебаев.