Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындарына қаңтар бойы қаланың әртүрлі бөлігінде жарылыстардың дыбыс естілуі, түтін көрінуі мүмкін екенін ескертті.
Қала билігі мұның фильм түсірілімімен байланысты екенін түсіндірді. Дегенмен нақты қандай фильм екені белгісіз.
Әкімдіктің хабарлауынша, кино түсірілімі әр үрлі ашық жерде өтеді, кейбір түсірілімге көп адам қатысады.
Түсірілім тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттелді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз,
деді әкімдік.