23 желтоқсанда Алматыдағы Республика алаңында 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға арналған монументтің салтанатты ашылуы болды. Мемориалдың ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаңтар айында қалада жаппай тәртіпсіздік құрбандарын еске алуға арналған мемориал орнатылатынын мәлімдеген еді.
Сағынтаев бұл ескерткішті орнатуға Мемлекет басшысы бұйрық бергенін айтқан.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан болашақ мемориалдың эскизін әзірлеу бойынша ашық сәулет байқауы өтті.
Бұған дейін Қазақстан Президенті мемориалға болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі үшін жанын қиған қазақстандықтардың есімдері қойылатынын түсіндірді.
