Алматыда кешеден бері қар толассыз жауып жатыр. Қалада қардың қалыңдығы 15 см, таулы жерлерде 20-25 см-ге жетті.
10 қаңтар сағат 23:00-ден 11 қаңтар сағат 06:00-ге дейін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеген. Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы 1260 текше метр қарды шығарды.
Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 бірлік арнайы техника, оның ішінде 204 сыпыру-жинау машиналары жұмыс істеді.