Artsport жеткізушілері Алматы қаласының бюджетін 2,5 млрд теңге шығынға батырған.
АrtSport бағдарламасы 2021 жылы басталған еді. Содан бері талай ұл мен қыз игілігін көріп келді. Бұл жолы атышулы бағдарламадан 2,5 млрд теңгенің жалған қызметі анықталды. Бұл бүгін өткен спорттық және және шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру бойынша қоғамдық жұмыс тобының отырысында айтылды. Жиынға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қала прокурорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Рақышев, Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы Алтай Бердіқұлов және жеткізушілер мен қоғам өкілдері қатысты.
Қазіргі қолдағы ақпарат бойынша, Алматыда тіркелмеген балалар мен жалған қызметтер үшін бюджеттен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Бұл тек Алматыда. Комиссия мемлекеттік аудиттің алдын-ала қорытындысын жариялады.
- жоқ ЖСН-ге берілген ваучерлердің саны едәуір (2,5 мыңнан астам)
- басқа өңірлерде тіркелген балалардың ваучерлер алуы (18 мыңнан астам);
- бұрын Алматыда тұрған, бірақ тіркеуден шығарылған балаларға ваучерлер беру (тұрақты тұруға кетуге, тіркеу орнын ауыстыруға және т.б. байланысты)
- сонымен қатар, 4 жасқа дейінгі балаларға спорттық секцияларға ваучерлер беруге рұқсат етілді (150 факт).
Бірақ «ArtSport» бағдарламасы түбегейлі жабылады деген сөз емес. Қаржы тапшылығына байланысты қала әкімдігі қосымша қаражат көздерін тартуды ойластырмақ. Жалпы «Artsport» бағдарламасы аясында елімізде 500 мың бала тегін спорттық әрі шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алған.