Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Алматыда ауыз судың бағасы қымбаттайды
Экономика

Алматыда ауыз судың бағасы қымбаттайды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.06.2023
Обновлено 19.06.2023 в 11:06
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

«Алматы Су» МКК тәулігіне  1379 мың текше метр жерасты және жер үсті су көздерін және 3,9 мың км астам су құбыры желілерін пайдаланатын елдегі ең ірі сумен жабдықтау кәсіпорны саналады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгінгі таңда қалаға жеткізілетін судың 70%-ы – тереңдігі 150-ден 500 метрге дейінгі 386 артезиан ұңғымасынан алынатын жерасты сулары. Одан бөлек, Үлкен және Кіші Алматы, Ақсай және Қарағайлы өзендерінен де су алынады.

Тау суы күрделі тазалаудан өтеді. Су тұндырылып, сүзудің бірнеше сатысынан өтіп, одан әрі натрий гипохлоритімен, яғни қарапайым тұзбен зарарсыздандырылады. Соның нәтижесінде, қауіпсіз ауыз суға қол жеткіземіз. Тәулігіне қалаға орта есеппен 700 мың м3 су беріледі, жазда көлемі 750-780 мың м3 дейін артады.

Алматы қаласы бойынша ауыз су сапасы барлық санитарлық ережерлерге сәйкес келеді. Химиялық тұрғыдан алсақ ауыз су құрамы адам ағзасына қажетті микроэлементтерге толы. Су құрамында ауыр металдар, фенолдар және мұнай өнімдері мүлдем жоқ. Бактериологиялық және химиялық көрсеткіштер бойынша да қауіпсіз. Химиялық құрамы ондаған жылдар бойы өзгеріссіз қолданыла береді.

Кәсіпорын барлығы 3607 км су құбыры және 1926 км кәріз желілеріне, 115 мыңнан астам су құбыры және кәріз құдықтары мен камераларына, 109 таза су резервуарына қызмет көрсетеді. Одан бөлек, 251 сумен жабдықтау станцияларына және 29 кәріз сорғы станцияларына, 8 мыңнан астам өрт гидранттарына және 32 мыңнан астам бекіткіш арматураларға да жауапты. Осының бәрі қомақты қаржыны талап етеді.

Биылғы жылға арналған инвестициялық бағдарлама сумен жабдықтау бойынша 2,6 млрд теңгені (ҚҚС-сыз), су бұру бойынша 584 млн теңгені құрайды.

Наурызбай ауданы бойынша, тұрғындар Ақсай және Қарғалы өзендерінен сумен қамтамасыз етіледі. Бұл ауданды қамтамасыз ететін сүзгі станциясы ескі болғандықтан, судың лайлануы басым болғанда уақытша шектеулер қойылады. Бұл мәселені шешу мақсатында қазіргі кезде жаңа сүзгі станциясының құрылысы жалғасуда. Нысан 2023 жылдың соңына дейін іске қосылады.

Сонымен қатар Ақсай өзеніндегі жаңа сүзгі станциясының құрылысы 2025 жылы іске қосылады. Ақжар шағынауданын сумен жабдықтау үшін ағымдағы жылдың 3-тоқсанында жаңа су құбыры іске қосылады,

деді «Алматы Су» МКК баспасөз қызметі.

Алматы қаласындағы тозығы жеткен желілер мен жабдықтарды азайту басты, әрі күрделі мәселеге айналды.

Қаладағы су құбыры желілерінің  54,2 пайызы ескірген.

1943 шақырым су құбыры желілерін ауыстыру қажет. Кәріз желілерінің тозу деңгейі 56,6 пайызды құрайды, яғни 1000 шақырымнан астам желі қайта жаңарту жұмыстарын қажет етеді.

Алматы қаласындағы сумен жабдықтау және су бұруға бекітілген тарифтер еліміздегі ең төменгі баға  саналады.

Тұтынушылар үшін 1 текше метр судың құны 48 теңге.

Соңғы рет Алматыда су және кәріз қызметтерінің тарифтері 2014 жылы көтерілген, ол кезде судың 1 текше метріне  55 теңге мөлшеріндегі тариф деңгейі белгіленген, 9 жыл ішінде судың  тариф деңгейі тек төмендетіліп келген»,  — деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Қазір жаңадан тариф бекітілмек.

Мекеме тарифтерді инвестицияларға айырбастау» қағидаты бойынша тарифтерді енгізеді. Ол  инженерлік желілерге қызмет көрсету және ауыстыру үшін көбірек қаражат жинақтауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Әрі мамандардың  жалақыларын  кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы, Экономика
Сая Манарбековна 19.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?