Оқиға

Алматыда автобуста ер адам жолаушыларды пышақпен қорқытты

Алматыда ер адам жолаушыларды пышақпен қорқытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Куәгердің айтуынша, оқиға 30 тамыз күні №135 автобуста болған. Ер адам басқа жолаушымен төбелесіп, пышағын суырып алып, адамдарды қорқыта бастаған. Автобус жолаушылары болған оқиғадан қатты шошынған. Олар жүргізушіге есікті аш деп айқайлайды. Аялдамаға келгенде ер адам қоғамдық көліктен түсіп қалған.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Әуезов ауданының полиция бөлімі тексеріп жатқанын хабарлады.

Оқиғаға қатысы бар тұлға анықталды, оны ұстау шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі,

деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

20 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago