Алматыда бір жарым ай аралығында 3662 адам соттан тыс банкроттыққа өтініш берген. Тек олардың 14 пайызы ғана банкрот ретінде танылып отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті қарыздармен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Будугулов айтты. Сөзіне сүйенсек, банкроттық бойынша барлық түскен өтініштердің 83 пайызы қаралған. Яғни — 3055 іс. Оның ішінде 503 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қозғалыпты. Азаматтардың 2 552 өтініші кері қайтарылды. Жалпы өтініш берушілердің 362-і АӘК алушылар. Бес жыл бойы берешегі бар 690 азамат жүгінген. 605 өтінішке қатысты (бұл барлық түскен өтініштердің 16%-ы) тексеру жүргізілуде.
Ал сот банкроттығына қатысты бүгінге дейін 58 өтініш түсіпті. Олардың ішінен 6 азаматқа банкроттық туралы азаматтық іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылып, қаржы менеджерлері тағайындалған. 32 азамат бойынша сот арызды қайтарды, Арызды қабылдамаудың негізгі себебі талап-арыздың талапқа сәйкес келмеуі болып табылады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…