Қытай елшісі бұрын КСРО құрамында болған елдердің «егемендігі жоқ» деп мәлімдеді

Қытайдың Франциядағы елшісі Лю Шэй бұрынғы кеңестік елдердің тәуелсіздігіне күмән келтіріп, мәлімдеме жасады. Ол бұл туралы француздық LCI телеарнасының эфирінде айтқан. Оның сөзінше КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттердің егемендігі жоқ.

КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттер жаһандық құқықта тиімді мәртебеге ие емес, өйткені олардың мәртебесін егеменді елдер ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ,

деді елші.

Сонымен қатар, қытайлық дипломат Қырым түбегі бастапқыда Ресейге тиесілі болғанын айтты. Бірақ Кеңес Одағы кезінде «Хрущев оны Украинаға берді» деп есептейді.

Ал Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Лю Шэйдің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берген жоқ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago