Алматыда жаңа жылдық іс-шаралар 2022 жылғы 20 желтоқсанда басталып, 2023 жылғы 5 қаңтарда аяқталады.
Екі апта бойы мегаполисті түрлі фестиваль өтеді. Онда Ninety One, Назима, Аха, Хироның қатысуымен жанды музыка шоу бағдарламасы, Әкім, Ерке Есмахан және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Абай алаңындағы орталық мұз айдыны коньки тебемін деушілерге есігін айқара ашады. Тұрғындарды шеберлік сабақтары, халықтық караоке, би флешмобы, байқаулар, эстрада жұлдыздарының қатысуымен жанды музыка, сыйлықтар және басқа да шаралар күтуде. Ал жаңажылдық жәрмеңкеде қала тұрғындары туыстары мен достарына жергілікті қазақстандық брендтерден сыйлықтар мен дәмді тағамдар мен ыстық сусындар сатып ала алады,
деді Алматы қаласының Мәдениет басқармасы.
Жаңа жылдық фестиваль Алматыдағы бас шыршаны жағу рәсімінен басталады. Бұл ерекше сәт 20 желтоқсанда 18:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтеді.