Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > Алматыда білім берудегі цифрлық трендтер талқыға салынады
Басты жаңалықтарБілім

Алматыда білім берудегі цифрлық трендтер талқыға салынады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 21.11.2022
Обновлено 21.11.2022 в 02:11
Поделиться
Поделиться

23 және 24 қараша күндері Алматыда білім берудегі жаңа технологиялар жөніндегі ауқымды  EdCrunch Reload 2022 халықаралық конференциясы өтеді.

Ауқымды шара ғылым мен цифрландыру тоғысқан кездегі маңызды тақырыптар мен трендтерді талқылау үшін бүкіл әлем бойынша мұғалімдер, педагогтар, жоғары, жалпы, қосымша білім беру ұйымдарының, профильдік министрлік өкілдерінің, IT-компаниялар мен корпоративтік университеттер басшыларының, HR-директорлар мен L&D-мамандардың басын қосады. https://edcrunch.online/kz сайтында конференцияға тіркеу басталды.

— EdCrunch — білім беру жайындағы емес, білім берудегі технологиялар жөніндегі, оқытудың нәтижелілігін арттыру үшін цифрлық сервистер мен контентті қолдануға арналған конференция. Цифрлық технологияларды дұрыс қолдану арқылы қызығушылықтар мен мүмкіндіктерге негізделген жеке білім алу траекториясын құруға болады, білімді қолжетімді етіп, желі эффектісін тудырып, бір сәтте бүкіл дүние жүзінен пікірлестер тартуға мүмкіндік береді,” — дейді EdCrunch конференциясының негізін қалаушы Нұрлан Қиясов.

EdCrunch Reload 2022 тақырыбы — ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы. Технологиялар мен ғылымның симбиозы бүгінгі таңда білім беру саласындағы басты жаһандық трендке айналды.  Қатысушылар оқытуды трансформациялауды, формалды тәсілдерді жоюды, оқуға деген ынтаны арттыруды үйренуі үшін, спикерлер нейробиология мен технологиялар туралы білімін біріктіреді. Талқыланатын тақырыптар арасында гибридті оқыту, болашақпен жұмыс, білім беру кеңістігінің дизайны, оқыту нейробиологиясы, т.б бар.

EdCrunch Reload 2022 конференциясы алғаш рет бір уақытта 3 алаңда өтеді, олар  – Респубоика сарайында, “Қазақстан” қонақ үйі мен Novotel Almaty. Шара аясында әлемнің 25 елінен келген 350 жетекші спикердің қатысуымен 120 сарапшылық сессия, панельдік пікірталас, шеберлік-сағаттары өтеді. Олар негізгі спикерлер қатысатын EdCrunch Stage бас сахнасы, ерте балалық шақ, мектептегі білім беру, жоғары білім беру, корпоративтік оқыту және EdTech деп аталатын 6 тақырыптық трек бойынша өтеді.

Цифровизация талаптарына бейімделу – «Ерте балалық шақ» трегінің басты тренді.  Серпімді әдістемелер мен бестселлерлер авторлары педагогтар мен саналы ата-аналарға жаңа тәсілдер, әдістер мен технологиялар көмегімен интеллекті дамыту амалдарын ұсынады. Цифрлық трансформация «Мектептегі білім беру» трегінің басты тақырыбына айналады. Қатысушылар алдында жетекші практик-ұстаздар, инновациялық мектептердің директорлары, нейрофизиологтар, Apple, Google, Microsoft инноваторлары сөз сөйлейді. Цифровизация заманауи университеттерге де әсер етіп жатыр. «Жоғары білім беру» трегінде әлемге әйгілі сарапшылар жасанды интеллекттің ЖОО кампустарындағы мүмкіндіктерін, бейімдеуші технологиялар, жеке білім беруді енгізу мәселелерін талқыға салады. «Корпоративтік білім беру» трегінде Big Data, эксперименталды және иммерсивті оқытудың қызметкерлерге берер мүмкіндіктері айтылады. Ал, EdTech трегіне қатысушылар білім беру инноваторларымен кездесіп, табысты стартап жасаушылармен әңгімелесе алады.

Биыл конференцияға онлайн және офлайн форматтарда қатысушылар саны 20 000+ адамнан асады. Бұл статистика қазақстандық мұғалімдер, бизнесмендер, басқарушылар, зерттеушілер мен әзірлеушілердің білім беру саласын трансформациясына үлкен қызығушылық танытып отырғанына дәлел бола алады. Бүкіл Қазақстан бойынша мемлекеттік және ауыл мектептерінің өкілдері үшін  EdCrunch Reload 2022 ұйымдастырушылары конференцияның онлайн-трансляциясын тегін көру мүмкіндігін қарастырып қойды.

Конференция спикерлері арасында әлемнің ең инновациялық университеті – Minerva-ның негізін қалаушы Бен Нельсон, General Assembly-дің оқыту және инновациялар жөніндегі вице-президенті Дэвид Поркаро, Лондон Корольдік колледжінің мінез-құлық генетикасы профессоры Роберт Пломин, әлемдегі тұңғыш нейродизайн студиясы Lab of Misfits-тың негізін қалаушы Бо Лотто, әлемдегі ең ірі оқулықтарға онлайн-жазылу сервисі Perlego-ның негізін салушы Готье ван Мальдерен мен білім беру саласының басқа да көптеген майталманы қатысады.

EdCrunch Reload ұйымдастырушылары:  Алматы қаласының әкімдігі, AITAS холдингі, ERG mektepke бастамасы, EdCrunch Academy заманауи білім беруді дамыту институты мен Amansultan білім беру платформасы.

Конференцияның ресми серіктестері – Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, “Сәби” қайырымдылық қоры, Көктөбе мен Abay қазақ ұлттық мейрамханасы.

Серіктестер: Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қоры, ҚБТУ, ХАТУ, Astana IT University университеттері, Назарбаев Зияткерлік мектептері, Халықаралық “Мирас” мектептері және «Мирас» бөбекжай-балабақшасы, Jas Ventures Almaty, A’SU суы, Gracio шырындары мен нектарлары.

EdCrunch Reload 2022 конференциясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтеді.

Анара Бауыржанқызы 21.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
Басты жаңалықтар

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

21.05.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?