Алматыда жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының «директоры» алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол түлектердің ата-анасын алдап, ондаған миллион теңгені жымқырған.
ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсының жазуынша, 22 жастағы Ж. есімді жігіт өзін жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлау орталығының «директорымын» деп таныстырып, ата-аналардың сеніміне кірген.
Келісімшарт талаптары бойынша ата-ана 238 мың теңгені бөліп төлей алатын болған. Бұл ретте «мұғалім» бала тестілеуден өтпесе, кепілді ақшаны қайтаруға уәде берген. Оқу орталығын құрушы зым-зия жоқ боп кеткен, уәде етілген сабақты оқиалмаған балалардың ата-анасы полицияға жүгінді,
дейді Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тіркелді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…