Categories: Оқиға

Алматыда ҰБТ-ға дайындайтын орталықтың «директоры» ұсталды

Алматыда жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының «директоры» алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол түлектердің ата-анасын алдап, ондаған миллион теңгені жымқырған.

ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсының жазуынша,  22 жастағы Ж. есімді жігіт өзін жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлау орталығының «директорымын» деп таныстырып, ата-аналардың сеніміне кірген.

Келісімшарт талаптары бойынша ата-ана 238 мың теңгені бөліп төлей алатын болған. Бұл ретте «мұғалім» бала тестілеуден өтпесе, кепілді ақшаны қайтаруға уәде берген. Оқу орталығын құрушы зым-зия жоқ боп кеткен, уәде етілген сабақты оқиалмаған балалардың ата-анасы полицияға жүгінді,

дейді Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тіркелді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago