Categories: Оқиға

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адам ұсталды

Алматыда жантүршігерлік қылмыс көпшілік жиі баратын базарда болған.

Orda.kz-тің жазуынша, күдікті ретінде 60 жастағы ер адам ұсталған. Ол көз жұмған әйелмен бірге тұрды деген болжам бар.

Айта кетейік, күдікті бас салынған қолындағы пакетті шамамен сағат 12-нің кезінде шұжық сататын дүкенге тастап кеткен. Оған дейін базар ішін арлы-берлі 3-4 рет айналып жүрген көрінеді.

Сатушы пакетті ашқанда ішіндегі басты көріп, есінен танып қала жаздаған.

Сол күні базар жанындағы саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан таңғы сағат 9 шамасында әйелдің мәйіті табылған. Жеке басы анықталды. 1976 жылы туған әйел бұрын бірнеше рет сотталған.

Оқиғаға қатысты Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек:

Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.  Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша,  Түрксіб аудандық  Полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің  99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.

Тергеу әлі де жүргізіліп жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago