Қарулы Күштер қатарын 45 бозбала толықтырады.
Олар Қонаев қаласындағы әуе шабуылдау бригадасының құрамында Отан алдындағы борышын өтейді.
Биыл Алматыдан 3 мыңға тарта жігітті әскерге шақыру жоспарланған. Жартысына жуығы көктемде әскерге аттанып кеткен. Ал осы жолы тағы мың жарым азамат шақыру қағазын алады.
28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында өткен салтанатты жиында бұрын әскерге алынған сарбаздар, жауынгерлік ұрыс тәсілдерін көрсетті.
Қазір шекара әскері 250 адаммен толықты. Олар Қарулы Күштеріне жіберіліп жатыр. Артынша Ұлттық Ұланға ауысады. Желтоқсанның аяғына қарай күзгі әскери науқан толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр.
Бізде шақыртуға байланысты ешқандай проблема жоқ. Өз бетімен кетіп бара жатқандар қаншама, қанша адам шығарып салуға келген. Жастарымыздың патриоттық рухын көтеріп, Қарулы Күштердің имиджін көтеру үшін осындай шараларды өткіземіз,
дейді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Фархат Құрманғажинов.