Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > «Кинорумда» үш жігіт жабылып зорлады деген қызға қатысты жаңа деректер шықты
Оқиға

«Кинорумда» үш жігіт жабылып зорлады деген қызға қатысты жаңа деректер шықты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 18.05.2023
Обновлено 18.05.2023 в 09:05
Поделиться
Поделиться

Алматыда үш жігіт жабылып зорлады деген қызға қатысты жаңа деректер шықты. 21 жастағы қыз Kinoroom-ның басшысы жұмыс орнына апарып, екі досымен бірге арам ойын іске асырды деп полицияға шағым түсірген. 

Алайда сұмдық оқиға болған кинозал басшылығы жәбірленушінің сөзін жоққа шығарды. Олардың айтуынша, бұрынғы қызметкеріміз таныс қызымен бірге түнгі сеансқа келген. Сосын кино көретін бөлмеге тағы екі жігіт кіріп, соңы айғай-шуға ұласыпты. Сондай-ақ «Кинорумның» өкілдері сол күні спирттік ішімдікке сылқия тойып алып, жанжал шығарған қыздың өзі боди массажбен айналысады деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды. 

Телеарна хабарлауынша, оқиға төрт күн бұрын қаланың қақ ортасындағы кино көруге арналған залда болған. Бұл мекеменің басшылығы бұрынғы қызметкеріміз таныс қызымен түнгі сеансқа кіргенін жасырмайды. Сосын таң алакеуімде оның достары келіп, соңы жанжалға ұласты деп отыр.

«Кинорумның» директорымын деп таныстырған. Шын мәнінде ол жігіт наурыз айында жұмыстан шығып кеткен. Жай ғана жұмысшы болған. Кабинкаларды тексеретін. Бізде ауысым жабылмай, қыз екеуі бір сеансқа киноға келген. Сонымен жалғасқан. Оның достары қай кезде келгені белгісіз. Өзі қатты мас болған. Көзін ашса, бірге келген жігіті емес, басқа жігіт екенін көрген соң, шу шығарған, 

дейді Кinoroom атқарушы директоры Қасиет Жақсылық.

Телеарна хабарлауынша, жәбірленуші қыз сол күні мас болған көрінеді. Есін жиған соң, айғайға басып, бөтелкенің сынығымен тамырын кесіп жібергенін мұндағы жұмысшылар көріпті. «Кинорумның» қызметкерлері қыздың боди-массаж қызметін көрсететін айтады. Тіпті клиенттерімен осы жерге жиі келіп, экс-әріптесімізбен жақын араласып кетті дейді.

Ол қыз боди-массажбен айналысады. Бұл жерге ол басқа ер адаммен келеді. Жұмыстан шығып кеткен бала жалақысын алуға келгенде танысады. Бізде боди-массаж қызметі көрсетілмейді. Жыныстық қатынас болмайды. Алкоголь сатылмайды. Таңғы алтыға дейін шектеу. Таңғы алтыда барлығы шығып кетуі керек,

дейді Кinoroom атқарушы директоры Қасиет Жақсылық.

Таңға дейін жұмыс істейтін «Кинорумда» жеті бөлме бар. Бұл жердің кинотеатрдан айырмашылығы – таңдаған фильміңізді жақын адамыңызбен оңаша жатып тамашалайсыз. Ол үшін әр бөлмеге жұмсақ диван қойылған. Сусын мен тіске басардың да түр-түрі тұр.

Ал полиция сот-медициналық сараптама тағайындалып, «зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстың нақты болған-болмағанын көзбен өлшеп айта алмаймыз. Сондықтан да сараптама зерттеулер тағайындалды. Сарапшылар зорлау әрекеті нақты болды деген ұйғарым шығарса, онда бұл азаматтар міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылып, тергеуде оларға қолданылатын бұлтартпау шарасы тағайындалады,

дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Тәртіп сақшылары әзірге ешкім қамауға алынбады дейді. Тергеушілер аталмыш іске қатысы бар адамдардан тек сұрақ-жауап алып жатыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы шамамамен бір айдан кейін белгілі болады.

Телеарна «Үш жігіт мені жыныстық қатынасқа мәжбүрледі» деген қыздың жақындарымен де байланысқа шыққан. Бірақ олар сұхбат беруден бас тартыпты. Жәбірленуші қыз колледж бітіріп, Атыраудан Алматыға жұмыс істеуге келіпті. Алайда туыстары оның нақты қандай кәсіппен айналысқанын білмейді.

Анара Бауыржанқызы 18.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?