Алматыда полицейлер тұрғын үй кешенінде интимдік қызмет көрсеткен массаж салонын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Таугүл-3 ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде сауықтыру кешенінің атын жамылған боди-массаж жасайтын салон ретінде жұмыс істеген.
Полиция ғимараттың барлық бөлмелері клиенттерді қабылдау үшін арнайы жабдықталғанын атап өтеді.
Тексеру барысында «жұмыс орнында» бес қыз бен үйді жалға алушы ұсталды.
Олар жеке басын анықтау және тексеру үшін бөлімшеге жеткізілді. Ғимаратты жалға алушы К.есімді азаматша жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимараттың иесі ді жауапқа тартылады.