Оқиға

Алматыда мопедистердің кесірінен өлім жағдайы көбейді

Соңғы жылдары электрлі самокаттар мен мопедтер көбейді. Олардың саны енді артпаса, төмендемейді.

Бұлар жол ережесін бұзып қана қоймай, тратуармен де жүре береді. Көлігіңе зақым келтірсе де, оларға ештеңе дей алмайсың.

Себебі, олардың куәлігі де жоқ, сақтандыру полисі жоқ тек мопедін тартып алмасаң. Бірақ оны не істейсің? Кімге сатасың?

Мопедистер осыны біліп алған.

Сондықтан “маған не істей аласың” деген сыңай танытып, қоғамға кесірін тигізуде.

Әрине, студенттер де ақша тауып, қара басын асырағысы келеді. Қалаға келіп, оқуымен қатар жеткізу қызметіне орналасып, тиын-тебенін тауып жүргені ғой. Дегенмен, олардың немқұрайлылығы өзінің де, өзгелердің өліміне әкеліп соғып жатыр.

Тек соңғы екі күнде мопедистердің кінәсінен 3 адам қаза тапты.

Қыркүйек айында ғана самокат жүргізушілері тарапынан 1,7 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Оның ішінде 562 факті бойынша кәмелетке толмағандар болып шықты. Бұл мәселені полиция арқылы шешу мүмкін емес. Әкімдіктер тарапынан инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қажет, бөлінген жолақтарды жайластыру, жеке веложолдар салу, электр самокаттардың қозғалысына тыйым салынған аймақтарға бөлу керек.

Биыл 30 тамызда Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп әзірленген заң жобасы қабылданды. Онда электрлі самокат ұғымы, жүріп-тұру ережелері, сондай-ақ олардың жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері бекітілген.

Полиция департаменті енді тезірек қимылдамаса болмайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago