Әлеуметтік желіге шолу

Сауатсыздығымыз соншалық, молданың аузына қараған заман болды

Жазушы Бейбіт Сарыбай қазіргі заманғы молдалардың елдің санасын улап жатқанына налып, Facebook парақшасында пост жазды. Жазушының бұл жазбасына Қабылбек Әліпбайұлының «ана» мен «шеше» сөздеріне қатысты айтқан әңгімесі түрткі болған. Қабылбек имамның сөзінше, баласын тастап кеткен әйелді «шеше» деп атаған. Ал «ана» білген-көргенін балаға үйреткен адам. 

Бейбіт Сарыбай қазіргі заманда дүмше молдалар «Тек» дейтін адам болмағасын әбден еліріп, аузына келгенді оттай беретін болғанын жазды. Оларға сауаттылар қатарынан да қарсы келетіндер жоқтың-қасы. Себебі халық та молдаларды ұстаз деп әспеттеп, кітап оқудан қалып, надан болып барады.

Сауатсыздығымыз соншалық, молданың аузына қараған заман болды. Ұстаз деп әспеттейтініміз тағы бар. Тек дейтін бір адам болмағасын олар да әбден еліріп алған, аузына келгенді оттай береді. Ойпырмай, молданың уағызын ұйып тыңдап отырған сонша адамның ішінде «әй, не тантып тұрсың» дейтін бір адамның жоқтығы шынымен түңілдіреді екен,

деп жазды Бейбіт Сарыбай.

Жазушының айтуынша, сауаттылар елдің алдына шықпайтынын, айтпайтынын, сөйлемейтінін пайдаланып, дүмшелер дүрліктіріп бітті. Ұлттық құндылығыңды мансұқтай береді. Домбыраң харам, шешең арам дегенге дейін барды.

Әуезді үні, қоңыр даусымен бипаздағанда майдан қыл суырғандай қылатын мына молда «шеше» деген сөзді арзандатып отыр. Ешқандай ғылыми негізі жоқ әңгіме. Филология деген ғылым бар, сондағы ғылыми негізіне сүйенсейші. Осыдан білініп қалды, мына молда дегендеріңіз «хиттоно матти ихсано маққи» деген сынды екі ауыз арабшаны қосып қойып, өздерінің қаңғыған қиялымен примерно ұра береді екен. Осылар Құрманғазының «Қайран, шешем» деген күйін тыңдап көрді ме екен?

деп сұрақ қояды жазушы.

Бейбіт Сарыбай қазақ үшін «Қайран, шешем» деген сөз әрқашан қасиетті де қасіретті екенін алға тартты. Өзінің он жылдан бері жазғысы келіп, жазбақ болып, жаза алмай жүрген дүниесінің тақырыбы да «Қайран, шешем» екенін жеткізді.

Әй, Молдеке, шеше деген қасиетті сөз! Сен елдің бәрін бір кітаптың соңына жетпеген сауатсыз екен деп қалма. Сенің сөзің бұл күнде шартарапқа кетіп жатыр, бізге де жатіп жатыр. «Тілім тисе кешір енді, оған өзің мәжбүр еттің»,

дейді Сарыбаев.

Және жазбасының соңында жұртшылықты молдаларды бетімен жібермей, бірауыз «әй, қой, бұның не» деп отыруға шақырды. Үнсіз отыра берсек, бетімен кеткен имамдар халқымызды жарға жығатын түрі бар деген үрейін жеткізді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

20 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

21 час ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago