Polisia.kz-тің дерегінше, адам саудасына тосқауыл қою үшін жасырын жұмыс істейтін орындар тексерілді.
Ойын-сауық мекемелері, монша, сауна, қонақүйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.
ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды. Жаңа туған нәрестені сатпақ болған күдіктінің жолын кесті. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр,
деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Емдік массаж жасайтын 2 орынның интимдік қызмет көрсеткені анықталды.
Бұған дейін егіз баласын сатқан әйел туралы жазған болатынбыз.