Алматының Наурызбай ауданында заңсыз салынып жатқан «Жайсаң» тұрғын үй кешені сүріледі.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы «Жайсаң» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр.
Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінгі таңда талап арыздар қанағаттандырылды, енді сот шешімі заңды күшіне енуі керек.