Алматыда үш жігіт 30 жастағы ер адамды зорлады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Жәбірленуші полицияға жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, арыз жазған.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылды. Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды,
делінген Алматы ПД баспасөз қызметінде.
Күдіктілер жедел іздестіру шараларының арқасында дереу қолға түсті. Қазір барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлер атап өткендей, ұсталғандар — 2001 және 2003 жылы туылған азаматтар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ.
Сот-медициналық сараптама да тағайындалды.