Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсанты өлі күйінде табылды. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі хабарлады.
3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өмір белгілерісіз табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді,
делінген хабарамада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.