Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өткізіледі.
15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен «Тәңір сыйы – Тәуелсіздік» атты кездесу ұйымдастырылады. Бұл күні сағат 15.00-де Қонаев мұражайында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі» атты фотокөрме өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 15.00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында «Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
16-18 желтоқсан аралығында пауэрлифтинг пен стендтік пресс бойынша қала чемпионаты өтеді.
18 желтоқсанда сағат 15.00-де Alatau Creative Hub-та «Тәуелсіз елдің ұрпағы» зияткерлік ойыны өтеді.
Айта кетейік, Тәуелсіздік мерекесі сенбі күнге түскендіктен демалыс күндері ұзарады.