Бүгін Алматыда Төле би – Шығыс айналма жолында тағы бір қоғамдық көлік өртенді. Өрт таңғы сағат 08:27- де болған.
Қызыл жалынға оранған автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Оқиға орнына 8 қызметкер, 2 бірлік техника жеткен.
Дереу жанып жатқан автобусты сөндіруге көбігі бар оқпандары беріліп, сондай — ақ автобус конструкцияларын салқындатуға бөлек өрт оқпандары бағытталды. Қабылданған шаралармен өрт 08:50-де оқшауланды. Зардап шеккен адамдар жоқ,
деп мәлімдеді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.
Айта кетейік, өртенген № 131 бағытта қатынайтын «Алматыэлектротранс» ЖШС – ға тиесілі.