Categories: Қоғам

Алматыда тегін таратылатын «МЕТРО» газеті шыға бастады

Алматыда оқырманға тегін берілетін «МЕТРО» газеті шығарылып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Достар, сіздерге қуанышты жаңалығымды айтқым келеді! «МЕТРО» атты жаңа газетті жарыққа шығардық. Оның алғашқы 12 мың данасын Алматы метросынан, сондай-ақ танымал супермаркеттердің сөрелерінен таба аласыздар, мүлде тегін беріледі. Мен үшін бұл айрықша маңызды оқиға. Бұл идеяны 2006 жылдан бері өмірге енгізбек болып едім. Мен газет оқитын қауымға сенемін. Біз оқу өнерін жоғалтпауға тиіспіз,

деп мәлімдеді газетті шығарушы және ҚазТАГ-тың негізін қалаушылардың бірі Әсет Матаев.

Ол қазіргі заманғы әлеуметтанушылар адамдардың цифрлы детокске ұмтылуын өсіп келе жатқан микротренд деп атайтынын айтты.

Жұрт технологиядан артта қалып қоюлары мүмкін. Бірақ білім мен қажетті ақпараттан кейін қалуға болмайды. Редакция сіздер үшін қазақ, орыс тілдерінде, кейінірек ағылшын тілінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тақырыптарда жаңалықтар, талдаулар мен шолулар дайындайтын болады. Табыс тілейміз!

деді Матаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago