Шенділер «лас» көлікті енді камера арқылы анықтайды, дейді kolesa.kz.
«Экопостың тиімді жұмыс істеуі қиын. Біз ҚР ІІМ-мен бірге өзге мүмкіндіктерді қарастырып көреміз. Оларды алып тастауымыз мүмкін, өйткені автомобильден шығатын зиян газды жаңа технология арқылы анықтауға болады. „Сергек“ жобасына жауапты „Көркем Телеком“ компаниясымен бірге жұмыс істейміз. Оның бізге қажет жаңа индикаторы бар, бірақ оны алдымен заңда бекіту керек. Алда осыны жүзеге асырғымыз келеді», — деді Ерболат Досаев брифингте.
Әкім оңтүстік астанаға ерекше экологиялық мәртебе беруді ұсынып отыр. Оның айтуынша мегаполисте машиналарды техникалық тексерістен өткізу талабын күшейтіп, экостандартты өзгерту қажет. Ерболат Досаев Алматыда күніне 800 мыңға жуық автомобиль жүретінін айтты. Әсіресе жүк көліктері қала экологиясына ауыр зиян тигізеді.
Шаһар басшысы биыл күзде парламентке «экологиялық» ұсыныс жолдауға уәде берді.
«КөркемТелеком» Kolesa.kz редакциясына компанияда жүріп бара жатқан машинаның зиян газ мөлшерін өлшейтін мүмкіндік бар екенін растады. Бірақ әкімдік бұл мәселе жөнінде ұсыныс жасамапты.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…