Categories: Саясат

Ердоғанның сайлаудағы қарсыласы 110 жылға сотталуы мүмкін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудағы қарсыласы Кемал Қылышдароғлы үстінен сотқа 28 талап арыз түсірді. Егер Ердоғанның талабы қанағаттандырылса, қарсыласы 110 жылға бас бостандығынан айырылуы және саяси қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Сumhuriet басылымына сілтеме жасап.

Қылышдароғлының адвокаты Джелал Челиктің айтуынша, 28 талап арыздың көпшілігінде талапкер – Ердоғанның өзі. Арыздардың көпшілігі бойынша саясаткер төрт жылға дейін, ал барлық арыздар бойынша 110 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оппозициялық «Халықтық альянстың» кандидаты Кемал Қылышдароғлы президенттік сайлаудың екінші турында Ердоғаннан 47,82% дауыспен жеңіліп қалды. Сайлаудағы жеңілісінен кейін ол Парламентке кірмеді және депутаттық иммунитетінен айырылды.

24 мамырда Қылышдароғлы бұрмаланған видеоға байланысты Ердоғаннның үстінен сотқа арыз түсіргені хабарланды.

Айта кетейік, 28 мамырда өткен президенттік сайлау нәтижесі бойынша қайта сайланған Режеп Тайып Ердоғанның өкілеттігі 2028 жылға дейін созылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

4 часа ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

11 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

11 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

11 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago