Алматының транспорт холдингі № 53 бағыттың15 тамызда жолға шыққанын мәлімдеді. Оған қоса, тағы бес бағыт схемасы өзгертілді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
№53 жаңа автобус мына бағыт бойынша жүреді: Мамыр-1 – Момышұлы – Райымбек – №7 аурухана – Теректі – №184 мектеп – қайтар бағытта – Райымбек – Момышұлы – Абай – Саин – Шаляпин – Момышұлы.
15 тамыздан бастап №110, №112, №116, №137 және №138 автобустарының бағыты өзгерді. Бұрынғы №137 автобус бағыты жаңа екі бағытқа бөлінді.
Енді Абай даңғылы бойымен қозғалатын №110 автобус бағыт схема бойынша Б.Момышұлы станциясына жетеді. Ары қарай бұрынғы схема бойынша жүреді.
Нұрлытау шағын ауданынан шығатын №116 автобус енді былай жүреді: әл-Фараби — Гагарин — Тимирязев — Радостовец — Жандосов — Гагарин — Төле би — Розыбакиев. Қайтар бағытта мына жолмен жүреді: Розыбакиев – Төле би – Гагарин – Жандосов – Айманов – Тимирязев – Гагарин – Қожабеков – Розыбакиев.
№137 автобус енді «Адем-1» сауда орталығынан жолға шығады. Қайтар бағытта Солтүстік айналма жолындағы жол айырығына жетіп, бұрылып, «Адем-1» бағытына қарай жүреді.
№138 автобус №137 автобустың бағытын толықтырады, бұрын бұл бір бағыт еді. №138 автобус былай жүреді: «Жетісу» базары – Рысқұлов – Сейфуллин – Ақан сері – Жұмабаев – Солтүстік айналма – «Адем-1». Кері қарай: Солтүстік айналма – Жұмабаев – Сейфуллин – Рысқұлов – Жаяу Мұса – «Жетісу».