Алматыда жаңа маршрут іске қосылады

Алматыда жаңа маршрут іске қосылып, кейбірінің қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

12 қыркүйектен бастап жаңа №100 магистралды маршрут іске қосылады.
 Ол Асыл Арман шағын ауданынан Ташкент тракті бойымен — Райымбек даңғ.- Жетісу көш. — Тәттібеков көш. — Халиуллин көш. — Есіл көш. — Талғар трактісі — Бұқтырма көш. Орынтай ықшам ауданына дейін барып, кері бағытта жүреді.

Осыған байланысты №23 және №78 маршруттың қозғалыс сызбалары өзгертіледі. Енді №23 маршрут Қырғауылды кентінен Сүйінбай-Ташкент трактісі- Райымбек даңғылы бойымен Алматы-2 теміржол вокзалына дейін барады. Жоғарыда көрсетілген схема бойынша кері бағытта жүреді.

Ал №78 маршрут Ташкент трактісімен қозғалған кезде енді Алатау даңғылына бұрылып, Абай даңғылымен Б.Момышұлы станциясына дейін барып, кері қайтады.

Сонымен қатар Нұр Алатау шағын ауданында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты 10 қыркүйектен бастап №30 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Оңтүстік бағытта — Жароков көшесі — Исиналиев көшесі — Алматы көшесіне бұрылып – «Алматы көшесі» бақылау нүктесі. Солтүстік бағытта – қозғалыс «Алматы көшесі» бақылау нүктесінен басталады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 час ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago