Алматыда жаңа маршрут іске қосылып, кейбірінің қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
12 қыркүйектен бастап жаңа №100 магистралды маршрут іске қосылады. Ол Асыл Арман шағын ауданынан Ташкент тракті бойымен — Райымбек даңғ.- Жетісу көш. — Тәттібеков көш. — Халиуллин көш. — Есіл көш. — Талғар трактісі — Бұқтырма көш. Орынтай ықшам ауданына дейін барып, кері бағытта жүреді.
Осыған байланысты №23 және №78 маршруттың қозғалыс сызбалары өзгертіледі. Енді №23 маршрут Қырғауылды кентінен Сүйінбай-Ташкент трактісі- Райымбек даңғылы бойымен Алматы-2 теміржол вокзалына дейін барады. Жоғарыда көрсетілген схема бойынша кері бағытта жүреді.
Ал №78 маршрут Ташкент трактісімен қозғалған кезде енді Алатау даңғылына бұрылып, Абай даңғылымен Б.Момышұлы станциясына дейін барып, кері қайтады.
Сонымен қатар Нұр Алатау шағын ауданында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына байланысты 10 қыркүйектен бастап №30 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Оңтүстік бағытта — Жароков көшесі — Исиналиев көшесі — Алматы көшесіне бұрылып – «Алматы көшесі» бақылау нүктесі. Солтүстік бағытта – қозғалыс «Алматы көшесі» бақылау нүктесінен басталады.