Жергілікті полиция қызметі мамандандырылған батальонының экипажы ІІМ-нің көрнекі құралдары бар Hyundai автокөлігін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Бұл көлік фильмге арналған реквизит болып шықты. Мұндай әрекет заңға қайшы.
Фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланған. Сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарды. Елестетіп көріңізші, егер әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер, бұл жағдайда полиция көлігі, қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды,
деді Алматы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Сонымен қатар полиция департаменті осыған ұқсас деректерге жол берілмейтінін ескертіп, мұндай әр іске түбегейлі құқықтық баға берілетініне уәде берді.