Алматыда жалдамалы пәтерлер тағы қымбаттайды

Күзде Алматыда жалдамалы баспана қымбаттауы мүмкін. Риэлторлар жыл соңына дейін жалға алу ақысы тағы 15% өсетінін айтады. Бұл туралы КТК арнайы хабарлады.

Мамандар бағаның өсуі инфляция мен сұраныс деңгейіне байланысты болады деп отыр. Дегенмен кейінгі айлардың өзінде бағаның өскені байқалды. Қазір көбі пәтер жалдай алмай жүр.

Алматыда жалға берілетін баспана бағасын қазірдің өзінде демократиялық деп айту қиын. Бір бөлмелі пәтерді жалдау құны айына 250 мың теңгеге жетеді, ал екі бөлмелісі 450 мың теңгеге барады. Аналитиктер дерегі бойынша, кейінгі айларда пәтер жалдау ақысы орта есеппен 7%-тен 25%-ке дейін қымбаттады. Риэлторлар бұл процестің негізгі себептерінің бірі студенттердің қалаға ағылып келуі екенін айтады. Сұраныс барда баға да көтеріледі.

Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненконың айтуынша, кез келген тауар мен қызмет бағасы сұраныс пен ұсыныс ықпалынан өзгеретінін айтады.

Кез келген тауар мен қызмет бағасы нарық механизмдері негізінде қалыптасады. Қалаға адамдар көптеп келіп, бірақ көптеген университет студенттерге баспана бере алмаған кезде осындай болады. Ақылы білім өте көп болғанда осындай болады. Төлем қабілеті бар сұраныс деген — осы,

дейді Нина Лукьяненко.

Қазір пәтер іздеп жүрген студенттердің бірі — Санжар Бермағамбетов. Оның оқу орны Алматының орталығында орналасқан. Студент оқу орны жанынан пәтер жалдау әзірше мүмкін емес екенін айтады.

Университет жанынан пәтер тауып үлгеру үшін Алматыға достарыммен бірге алдын ала келдім. Екінші курста оқимыз. Қосымша жұмыс істейміз деп отырмыз, сондықтан үйді жалға алған дұрыс деп шештік. Бірақ биыл бұл аудандағы баға қатты өсіп кеткен, 400 мыңға (теңге — ред.) дейін барады. Қазір қаланың басқа жағынан арзанырақ бағаға іздеп жатырмыз,

деді Санжар Бермағамбетов.

Риэлторлар алдағы айларда пәтердің жалдау ақысы қазіргіден де қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко көп нәрсе инфляцияға байланысты екеніне тағы бір тоқталды.

Мен тағы да инфляциялық процестер жағына назар аударғым келеді. Бүгінгі күн туралы, бүгінгі жағдай туралы айтар болсақ. Нарықта басқа жағдайлар қалыптаспаса, ал инфляция процесі жыл соңына қарай 15% болса, онда жалдау ақысы осы деңгейде көтеріледі деп күтіңіз,

деді ол.

Оған қоса, жағдайға басқа елдерден келетін көші-қон ағыны мен жалға берілетін тұрғын үй бағасының реттелмегені де әсер етіп жатыр. Риэлторлар ең жақсы жағдайда пәтерді жалдау құны бұрынғы деңгейде қалады деп отыр. Бірақ арзандауы екіталай.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago