Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Алматының полиция департаменті жақын маңдағы ойын-сауық мекемесінде мерекелік іс-шараны тойлап жатқан Алматыдағы жоғары оқу орындары бірінің студенттері төбелеске қатысқанын хабарлады.
Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсы анықталып, қолданыстағы заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады. Олардың әрқайсының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі,
деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.