Қоғам

Алматыда жастарға жалға берілетін пәтерге өтінім беру басталды

Алматыда жастарға жалға берілетін пәтерге өтінім беру 11 желтоқсанда басталады.

35 жасқа дейінгі қала тұрғындарына Наурызбай ауданынан 2000 пәтер беріледі.

11-15 желтоқсанда Алматыда жалға берілетін пәтерлерге (бұлар сатылмайды) өтінімдер қабылданады. Бұл туралы қалалық әкімшілік хабарлады.

Өтінімдер Kezekte.kz сайты арқылы қабылданады. Оған Халыққа қызмет көрсету орталығынан ЭЦП арқылы тіркелуге болады.

Өтінім иесінің орта білімі, қалада кемінде үш жыл тұрақты тіркеуі болуы керек.

Оның он төрт жастан асқан балалары болса, олардың да қалалық тіркеуде тұрғаны жөн. Отбасының атында соңғы бес жылда жылжымайтын мүлік, сатып алу/сату құқығынсыз жалға алынған пәтер болмауға тиіс.

Айлық табысы 40 АЕК немесе 138 мың теңге көлемінде болуы керек. Бұған қоса, өтінім иесінде банктік жинақ шоты болуға тиіс.

Қатысушыларды іріктеу балл арқылы есептеледі. Балл белгілеу критерийлері мен құжат тізімі сайтта жазылған. Өтініш бергендер нәтижесін жеке кабинет арқылы бақылай алады,

дейді қалалық әкімшілік өкілдері.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago