Денсаулық

Қызылша өршіп тұр: мектептер мен университеттерде карантин енгізіле ме?

Алматыда ЖОО студенттері қысқы сессияны онлайн режимге көшіруді талап етіп жатыр.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері «қызылша жұқтырып, ауру-сырқауға шалдығамыз» деп үрейленіп, оқуды онлайн режимге көшіруді талап етеді. Айтуларынша, университетте ауырып қалған адамдардың саны көбейген көрінеді.

Qaz365.kz тілшісінің сұрақтарына Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің (ҚазХҚжӘТУ) шығыстану факультетінің 4-курс студенті Аружан Болатова жауап берді. Оның айтуынша, қатарластарының көбі ауырып жатқан көрінеді.

Сабақ әзірге офлайн. Негізі, қазір барлық студент ауырып жатыр. Өзімнің тобымдағы екі қыз қызылшамен ауырды. Анықтамасын әкелді. Мен бұл мәселені университетке жазған едім, бірақ университеттің жауабы бойынша Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «онлайнға жабуға еш себеп жоқ» депті. Бірақ қазір тек университет емес, мектеп оқушылары да қызылшамен ауырып жатыр. Өзімнің қызуым 39 градусқа дейін көтерілді. Енді қазір қызылшамен ауыратын жағдайым жоқ,

дейді ол.

Студент қаладағы бірнеге жоғары оқу орыны 1-2 курста оқитын студенттерін онлайн оқуға жіберіп жатқанын естігенін айтады.

Ал бізді онлайнға жібермей жатыр. Ештеңе демейді. Петиция да шығардым. Ол жерде 3500 жазылым жиналды. Бізде вконтакте желісінде группа бар, соған да жібергем. Бәрі қолын қойды. Бірақ ешкім үндемейді. Студенттер жазып жатыр. Бүгін ғана екі студентті жедел-жәрдеммен алып кетті,

дейді ол.

Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханалары қызылша ауыруымен жатқандармен 90%-ға толған.

Студенттер әлеуметтік желіде онлайн оқуды талап етіп, көп жазба қалдырған. Абылай хан атындағы университеттің ректоры Сәлима Құнанбаеваның атына жазған хатта қысқы сессия мен сабақтарды онлайн өткізуді сұрайды.

Қызылша ауруының өршуіне қарамастан мектептер мен жоғары оқу орындарында карантин шектеуі енгізілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Жалпы барлық білім беру ұйымы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігі жағдайға мониторинг жүргізіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге қатысты шешім қабылдамады. Біз ДСМ және жергілікті атқарушы билікпен байланыстамыз,

деді Ғани Бейсембаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago