Алматыда желатин өндірісі жолға қойылады

Түрік инвесторы зауыт құрылысына 9,8 млрд теңге салуды жоспарлап отыр.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров Түркиядан келген инвестор, İskefe холдингінің атқарушы комитет мүшесі Серташ Ахмет Левентпен кездесті. Тараптар Алматының индустриялық аймағы аумағында зауыт салу мәселесін талқылады.

Түрік инвесторы алдағы уақытта 100-ден астам тұрақты жұмыс орны болатын зауыт құрылысына 9,8 миллиард теңгеге жуық инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Кәсіпорынның өндіріс қуаты жылына 7 мың тоннадан астам халал стандарты бар желатин шығаруға мүмкіндік береді. Желатин шикізаты ретінде жергілікті ірі қара терісі пайдаланылады, бұл қазақстанның кемінде 60%-ін қамтиды.

Зауыт 2024 жылы ашылады деп жоспарланып жатыр.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

9 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago