Алматыда жер сілкінісінде халыққа көмек беретін 380-нен астам пункт құрылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Алматы ТЖМ сайтында жарияланған ресми мәліметінше, бұл пункттер уақытша тіркеуге, зардап шеккен халықты қажет заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызуға және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған.
Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері туралы толық ақпарат 2ГИС картасында, Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған. Бұдан қоса QR коды бар ақпараттық тақтайшалар әзірленген. Скан жасап, жақын маңдағы зардап шеккен халықты қабылдау пункттеріне эвакуациялау бағыттарын анықтауға болады.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында мегаполистің барлық тұрғын үйлерінің (2 және одан да көп қабаттардың) қасбеттеріне (10 мыңға жуық үй) осындай тақтайшалар орналастыру жоспарланған,
делінген хабарламада.