Оқиға

Жер сілкінісінен кейін жаңа мектеп құлағалы тұр

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғалары жарылып, 10 сантиметрге дейін кеңейіп кеткен.

Бұл туралы El.kz хабарлады.

Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде қабырғасында жарықтар пайда болған мектептің видеосы тарады.

Желі қолданушылары кадрдың астына «бұл қаладағы құрылыстың сапасын көрсетеді», «мектептің қабырғалары бұған дейін осылай болған» деп жазды.

Аудан әкімдігі желіде тараған видеоға байланысты мәлімдемесінде 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарықтар жер сілкінісіне дейін де болғанын жеткізді. Алайда, олар жер сілкінісінен кейін жарықтар 10 сантиметрге дейін кеңейгенін жеткізді.

Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. ТЖ басқармасы апатты жағдайды мойындамады,

делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Бүгін сағат 14: 17-де Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезінді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қала аумағында болған жер сілкінісі 2 балл болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.1. Магнитудасы MPV 4.9.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago