Categories: Ғылым

Алматыда жоғары баллдық жер сілкінісі болса қандай үйлер шыдас береді? Сарапшылар пікірі

Блогер Қуаныш Егімбаев Түркиядағы жер сілкінісі кезінде негізінен ескі үйлер құлағанына назар аударған. Ал жаңа, көп қабатты үйлер қаз қалпында тұр.

Дәл осындай магнитудада бізде, Алматыда жер сілкінісі болса не болады деген сұрақ қойып, соған жауап іздеп көрген.

Жаңа үйлер төзімді

Қуаныш Егімбаевтың ірі құрылыс фирмаларында жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ол көптеген сәулетшілермен, дизайнерлермен және т. б. мамандармен сөйлескен. Айтуынша, жаңа үйлер көп жағдайда төзімді және үлкен жер сілкінісіне төтеп бере алатынына сенімді.

Қазіргі заманғы нормалар темірбетон қаңқа технологиясын, монолитті құрылысты қолдана отырып үйлер салуды көздейді. Мемлекеттік стандартты қанша сынасақ та, тұтастай алғанда, бұл салада бәрі қатаң.

Ал енді қорқынышты тұсына көшсек. Менің бұрынғы жұмыс әріптестерім ескі кеңестік «хрущевтық» панель үйлер туралы көңіл көншітпейтін болжамдар жасады – олар, қатты соққыға төтеп бере алмауы мүмкін (және тағы бір себеп – ескі панельдердің түйіндері дәнекерленген, демек, қазірдің өзінде тот басып жатқан болуы мүмкін),

дейді сарапшы.

Оның пікірінше, 80-ші жылдардың аяғынан бастап салына бастаған ірі панельді үйлер құламауы мүмкін. Онда құрылысшылар Спитак жер сілкінісінің қайғылы тәжірибесінен сабақ алған. (Спитакта 5-9 қабатты панельдер опырылып түскен — суретті қараңыз).

1988 жылғы Спитактағы жер сілкінісі Армения тарихындағы ең қорқынышты оқиғалардың бірі болды

Сондай-ақ, Егімбаев Одақ кезінде бетон сапалы болды деген мифті жоққа шығарды. Айтуынша, КСРО кезіндегі бетон мен арматура сапасыз болды, әсіресе 80-ші жылдары. Кез келген кеңестік құрылыс ұрлықтың көзі болатын – олар қолдарына не іліксе, соны сүйреп әкететін.

Жапондар не дейді?

Сондай-ақ сарапшы жапон мамандарының Алматыда болуы мүмкін жер сілкінісінің 2008 жылы жасаған үш сценарийіне сілтеме жасады.

«ҚР Алматы қаласында жер сілкінісі тәуекелдерін басқаруды зерттеу» халықаралық семинары барысында Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) зерттеу тобының маманы Сагава Сюке Алматыда болуы мүмкін жер сілкінісінің үш сценарийін атап өтті. Сценарийлер 1887 жылғы Верный жер сілкінісі, 1889 жылғы 7-8-баллдық Шелек жер сілкінісі, сондай-ақ 1911 жылғы 44 адамның өліміне әкелген 8-9 баллдық тербеліс күшімен Кемин жер сілкінісіне негізделіп жасалған.

Ол үшін мамандар қаланың қолданыстағы құрылысына түгендеу жүргізді.

Көппәтерлі үйлердің белгілі бір саны ерікті түрде таңдалды және ҚазҚСҒЗИ қызметкерлері әрбір ғимаратқа паспорттау жүргізді. Алынған бастапқы деректерге сүйене отырып, біз ықтимал зиянның ауқымын болжау үшін осалдықты және дизайн түрлерінің жіктелуін бағаладық.

Тәуекелдің ең жоғары санаты — саманнан жасалған ғимараттар. Одан кейін ағаш едендері бар кірпіш конструкциялар келеді. Келесі — «икемді» бірінші қабаты бар көп пәтерлі үйлер, бетонмен қапталған кірпіш үйлер; 1998 жылға дейін салынған темірбетон қаңқалы құрылымдар 6-шы орында. Қауіптің 7-ші санаты — ағаш ғимараттар. 8-ші — темірбетон қаңқасы бар конструкциялар, 1999 жылдан кейін салынған монолитті құрылымдар. Соңғы, ең аз қауіпті санат — ірі панельді құрылымдар,

деп атап өтті Сагава Шуке.

7-8 балл қорқынышты емес

Қазақстандық конструктор Мақпал Шайхистамова Алматыда жерсілкінісі 7-8 балл бола қалған жағдайда тұрғын үйлер мен азаматтық нысандар туралы болжамдарын жазды.

Түрлі сериялық панель үйлер. Панельдер өзара дәнекерленген, алғашқы үйлерде дәнекер түйіндер атмосфералық әсерлерден қорғалмаса 50 жылдан асқан үйлер осал деп есептеуге болады.

Құймалы темірбетон үйлер. Оның ішінде рамалы-қаңқалы, вертикал бағытта колонна, горизонтал бағытта ригельмен байланған, аралық плита мен тірек қабырғадан тұратын құрылым. Осы тип үйлер шыдас береді деп ойлаймын. Жеке тәжірибемде кез-келген жоба мемлекеттік сараптамадан өтеді, одан кейін құрылыс алаңында жобаға өзгеріс немесе түзету жасайтын болса авторлық бақылау маманы мердігермен бірлесе отыра шешім қабылдайды.

Үйдің қирап не жантая қалуына көп факторлар әсер етеді. Басты фактор – іргетас пен негіз. Алматыда жер бедері нашар, сондықтан да көбінесе іргетасты қатты негізге отырғызады. Тағы бір фактор тектоникалық бұзылу. Бұл аумақта орналасқан ғимараттарды қандай жағдай күтетіні белгісіз.

Егер ғимарат сараптамадан өтіп, барлық құрылыс ережелерін бұзбай салынған болса. онда 7-8 баллдық жерсілкінісінен аз шығынмен шығамыз деп ойлаймын,

деп түйіндеді конструктор.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago