Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр

Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақытылы екпе салдыру.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас эпидемиологы Бақжанар Мұхамадиева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 6 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін қалада ЖРВИ және тұмаумен науқастанып жатқандардың артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осы кезеңде ЖРВИ-нің 30 415 жағдайы және тұмаудың үш жағдайы тіркелді. Егер эпидемияға дейінгі маусымның басында 3876 бала (65,2%) бала науқастанса, бүгінгі күні ересектер арасында көбейіп отыр,

деді Бақжанар Мұхамадиева.

Оның айтуынша, тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақытылы екпе салдыру. Сол үшін жергілікті бюджет қаражатынан 130 мың доза мөлшерінде ресейлік үшвалентті тұмауға қарсы «тұмау Плюс» вакцинасының бірінші партиясы сатып алынғанын атап өтті.

Жыл сайын тұмауға қарсы вакцинаны эпидемияға дейін, яғни қазан-қараша айларына дейін алу керек.  Өйкені, тұмау вирусының мутацияға, модификацияға қабілеті бар. Вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойы бір жылға дейін сақталады.

17 қазанда қосымша тағы 80 мың доза мөлшерінде вакцинаның екінші партиясы сатып алынды. Нәтижесінде ағымдағы эпидемияға дейінгі маусымда сатып алынған вакцинаның жалпы саны 210 мың дозаны құрады, екпе тегін,

деді спикер.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago