Алматыда 17 қазанда жылу беру маусымы басталды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматыда 2022-2023 жылдарға арналған жаңа жылу беру маусымы 2022 жылдың 17 қазанында басталды. Жаңа жылу маусымының ашылуының белгіленген күні метеорология болжамдары мен облыстағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде анықталды.
— делінген хабарламада.
Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының хабарлауынша, жылу беру процесі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:
- Ең әуелі жылу балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік-техникалық училищелер, медициналық-әлеуметтік мекемелерге;
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлерге;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрларға;
- басқа ғимараттарға қосылады.