Алматының «Қарасу» шағын ауданындағы қараусыз қалған жер скверге айналатын болады.
Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың жұмыс сапары барысында Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тұрғындар сквер жасауды сұраған. Қараусыз қалған аумақты ретке келтіру, ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. ЭБЖ астына аласа ағаштар мен бұталар отырғызылады, брусчаткалы аллея, орындықтар, урналар қойылып, суару жүйелері орнатылады.
Яғни, 4000-ға жуық ағаш отырғызылып, суару жүйесін жүргізу қарастырылған. Шағын аудан тұрғындары болашақта демалатын аллеяның жалпы ұзындығы – 800 м, абаттандыру аумағы — 37 мың м2 құрайды.
Тұрғындар қала әкімінен Қарасу шағын ауданына жаңа бағытты іске қосуды сұрады. Ерболат Досаев қалалық мобильділік басқармасына жаңа бағытты енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, бірақ ең алдымен жолды жөндеуді аяқтау қажет.


