Алматылықтар Ерболат Досаевты қызметінен босатуды талап етіп, петиция бастады
Досаев әкім болып тағайындалғалы бері “тұрғындардың мәселесі көбейген”, деп жазды Press_kz.
6 шілдеден бері петицияға 45 мың адам қол қойды. Әкімді қызметінен босатуға 32 мыңға жуық адам дауыс берсе, 13 мыңы қарсы дауыс берді.
Сондай-ақ, 8 шілдеде Досаевтың пайдасына дауыс бергендер саны күрт артқан. Олардың көпшілігі Ресейден екені анықталды.
Еске салайық, Ерболат Досаев 2022 жылы 31 қаңтарда Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған еді. Бірер аптадан соң қалада келісілген митиң өтіп, тұрғындар әкімнің отставкаға кетуін талап етті.