Алматының Түркісіб ауданы тұрғындары су құбырынан лас су ағатынын айтып, шағымданды. Еске салайық, жақында қала әкімі Досаев дәл осы аудан жұртшылығымен кездескен еді.
Кездесуден соң бірнеше күн өтер-өтпестен «Қайрат» ықшамауданындағы пәтердегі крандардан таза ауыз суы емес, қоңыр түске боялған лас су ағып жатыр. Осыған байланысты тұрғындардың бірі Facebook желісіне видео жариялады.
Бұл суды немесе уды ішуіміз керек пе? Су құбырының дұрыс жұмыс істегенінен гөрі жиі бұзылады. Кімге шағымданамыз? Бәлкім, Ақордаға?
деп наразылығын білдірді тұрғын.
Коммуналды қызмет өкілдері ықшамауданға бригаданың кеткенін, дереу су құбырын тазалайтынын айтты.