Қоғам

Алматылықтар жыл соңына дейін метрода 5 теңгемен қатынай алады

1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін Алматы метрополитені жолақыны ұялы телефон арқылы төлейтіндерден әдеттегі 100 теңгенің орнына 5 теңге алады, деп хабарлайды Kazinform.

Жалпы, метрода жол ақысын бірнеше тәсілмен — қолма-қол ақшамен, картамен, метро және Оңай жол картасымен төлеуге болады.

Алматы метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, кез келген банктің Mastercard картасы байланыстырылған Google Play, Apple Pay немесе Samsung Pay қосымшалары арқылы метроға контактісіз ақы төлеуге болады.

Жол ақысын төлеу үшін метроның кіреберісіндегі турникет тұғырында орналасқан брендті оқу құрылғысына белсендірілген қосымшасы бар ұялы телефонды қосу жеткілікті.

Демеушілердің бастамасымен жыл соңына дейін алматылықтар метроға бес теңге төлеп, діттеген жеріне жете алады. Төлем мобильді құрылғы арқылы іске асады. Басқа тәсілдермен төленген жол жүру құны өзгеріссіз қалады — 100 теңге,

деп атап өтті Алматы қаласы метрополитенінің кірістер жинау қызметінің басшысы Жазира Баймұхамедова.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago