Руханият

Қазақылыққа қарсы күрес жүріп жатқандай…

Бізде «ұлттық идеологияның» жоқтығы көп айтылады.

Екінші жағынан, «идеология деген нәрсе кеңестік заманнан қалған сарқыншақ, оның болмағаны да дұрыс» дейтіндер де табылады.

Бірақ бүкіл әлем елдері өздерінің ұлттық тіл, дін, тарих, салт-дәстүрін өзгелерден жоғары қояды.

Сол нағыз ұлттық идеология!

Бізде соңғы жылдары Қазақстан деген мемлекетке атын беріп отырған қазаққа, қазақылыққа қарсы астыртын көзге көрінбейтін күрес жүріп жатқандай.

Өкінішке қарай…
  • Біз ата-анасы қазақша сөйлесе де, балаларының тілі “синий тракторлардың” кесірінен орысша шығып жатқан елде қашан ояндық?
  • Біз Шәкен Аймановтың заманында таза қазақша майын тамызып сөйлеген фильмдерден алыстап, не орысша емес, не қазақша емес, «халықтың деңгейі сол» деп шала қазақша түсірілген комедиялар дүркіреген уақытқа қалай тап болдық?
  • Бұл да идеология ғой: қазақша таза сөйлемесең, сол квн-щиктердің деңгейінде трендте болатындай?
  • Біз «домбырасы» харам, салты жаман, «шешесі» надан дейтін түрлі сенім, ағым өкілдері, «коуч-психологтары», «ментор-мотиваторлары» уағыз айтқан күнге қалай жеттік?

Мемлекет, билік неге қазақ тілін өз тұғырына көтеріп, тарих, салтпен күрескендерді орнына қоймайды?

Есіңде болсын, Қазақстан деген мемлекетте тұрасың ба, тұрғың келе ме, Қазаққа қарсы күреспе! Қазақтың тіліне, дініне, тарихына, салтына қарсы шаппа. Қазақтың қазақ болғанына 550-600 жыл, исламды қабылдағанына мың жыл, ешкім де бұл тарихты бұрмалап, ұлтты басқа арнаға бұра алмайды.

Камшат Тасболат

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

11 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago