Оқиға кеше, 14 наурыздан 15 наурызға қараған түні Алматы қаласы Самал-3 ықшамауданындағы балалар ойын алаңында болған. Марқұм тұрғын үйдің терезелерінің астынан, орындықтардың жанынан табылған. Полиция ақпаратты растады.
Бұл туралы хабарламалар бұған дейін әлеуметтік желілерде пайда болған.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.
Фактіні қазір Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан 35 жастағы ер адамды танысы пышақтап кеткен. Күдікті 2001 жылы туған Д. есімді азамат, ол ізін суытпай ұсталды,
делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
22 жастағы күдікті қамауға алынды.